Оқиға
Атырауда жол апатынан екі сәби көз жұмды

Атырауда жол апатынан екі сәбидің ғұмыры қиылды. Ірі жол-көлік оқиғасы 26 наурыз күні күндіз Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде болған, деп хабарлайды tiek.kz.
Atyrauoil.official басылымының мәліметінше, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Апат салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
«26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.



