Интеллект дәуіріҚоғам

«Барынша күресуге тырыстық»: AIRAN MEDIA редакциясы жұмысын тоқтатты

AIRAN MEDIA редакциясы ресми түрде жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Редакцияның ресми парақшасында мәлімдеме жарияланды.

“Кейінгі екі апта бойы біздің AIRAN YouTube-арнамызда үнсіздік орнады. Осы уақыт аралығында алаңдаған көрермендер мен әріптестерге бізде қиындықтар бар екенін және оларды шешіп жатқанымызды айтып келдік. Бұл шынымен де солай болды – 13 наурыз, жұма күні біз тікелей эфирлер өткізуді және бейнематериалдар жариялауды тоқтаттық. Осы уақыт бойы қалыптасқан жағдаймен күресуге тырыстық. Бірақ нәтиже болмады. AIRAN MEDIA редакциясы жұмысын тоқтатады. Неге? Себебі қазіргі қалыптасқан жағдайда біз әрі қарай жұмыс істей алмаймыз”, – делінген мәлімдемеде.

Редакция төрт жыл бұрын, соғыс пен Қаңтар оқиғалары басталған тұста жылдар бойы бағдарға айналған қағидаттарды таңдадық дейді.

“Біз оларды шын жүректен ұстануға тырыстық, алайда, өкінішке қарай, қазір бұл мүмкін болмай қалды. Әлемдегі және елдегі жағдай қандай болса, сол күйінде, біз оны елемей кете алмаймыз.

“Алайда ешқандай қайғылы жағдай болған жоқ. Жобалар пайда болады да, жоғалады. AIRAN – өте мықты жоба болды. Осы уақыт бойы бізді қолдаған адамдарға, әрі одан да маңыздысы – бізді барынша қорғап, жақтаған жандарға алғыс айтамыз. Әрине, бізге жазып тұрған көрермендерге де үлкен рақмет. Біреулер бізге не болғанын уайымдаса, енді біреулер «Айран, ақыры ашып кетіпті» деп қуанған шығар. Бұл өте жақсы. Дені сау қоғамда дәл осылай болуы керек – әркімнің өз пікірі болуы тиіс, тек немқұрайлылық болмаса болғаны”, – делінген мәлімдемеде.

Редакция соңғы шығарымылын жариялап, оқырманның өзекті сұрақтарына жауап берді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button