Заң үстемдігі
Тренд

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды

Бүгін Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады tiek.kz.

Тараздағы сот отырысында судья Гүлайым Рахмонованы екі адамның өліміне кінәлі деп таныды.

Соттың ақпаратынша, 2025 жылғы 27 шілдеде сағат 8:30 шамасында Р. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін басқарған. Шаршаған күйінде болған Р. жол ережесін бұзды, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шықты, содан кейін оның көлігі аударылды.

«Нәтижесінде, 2 жолаушы (сотталушының досы мен әпкесі) өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан қайтыс болды, сотталушының өзі ауруханаға жатқызылды.

Жәбірленуші тараптар сотталушыны кешірді, талап арыз бермеді, (қайтыс болған досының әкесі) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады, (сотталушының әпкесінің жұбайы) соттан жаза тағайындамауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады», — делінген хабарламада.

Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар. Сот жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button