Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға беруге рұқсат етілмек

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру ережелерін өзгерту мүмкіндігі талқылануда.
Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов мәлімдеді.
Бұған дейін салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының тек 50%-ын ғана жеке басқаруға бере алатын. Жаңа ереже бойынша барлық қаражатты, 100%-ға дейін жеке басқаруға аудару мүмкіндігі қарастырылады.
“Біздің ойымызша, қаражатты толықтай жеке басқаруға көшіруге мүмкіндік беру әлдеқайда орынды әрі тиімді”, – деді Тұрсынханов.
Сонымен қатар жеке басқарушы компанияларға көшу міндетті емес.
Зейнетақы активтерін басқаруға тек кәсіби әрі тұрақты инвестициялық басқарушы компаниялар ғана қол жеткізе алады.
«Мемлекет иелігінен шығару активтерді тиімді басқаруға және жалпы экономикаға оң әсер етеді», – деді агенттік төрағасының орынбасары.
Дереккөз: Стан.кз



