Қоғам

«Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апатына полицияның қатысы болуы мүмкін» – Мәжіліс депутаты

Алматы қаласындағы үш бірдей адамның өмірін жол апатына қатысты шу әлі басылмай тұр, деп хабарлайды tiek.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Қазір қылмыстық іс бойынша, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қазір ауруханада ем алып жатыр. Сол жүргізушіге қатысты барлық тергеу амалдары жүргізіліп. Ол қамауға алынады. ПД орынбасарының жүргізушісі сол Әл-Фараби бойындағы ЖКО бар-жоқтығын департамент полициямен тексеріс өткізілуде. Қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша, кінәлі полиция қызметкерлеріне шара қолданамыз», – деп атап өтті ол.

Дегенмен, оқиғаға қатысты күмәнді жайттар өте көп. Апатқа 32 жастағы кәсіпкер кінәлі делініп отырғанымен, желі қолданушылары үш адам отырған Mercedes көлігінен бөлек үшінші автомобильге қатысты жайттың құпия болып отырғанын жазып жатыр.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды.

«Алматы полициясының жоғары лауазымды қызметкерінің көлік жарысына қатысы бар ма? Әл-Фараби даңғылындағы жарысқа қатысқан қатысушылардың бірі полицей болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл жарыс үш адамның өмірін қиды. Сондықтан бәрін жасырып отыр. Ішкі істер министрлігін түсініктеме беруін сұраймын», – деп жазады Мұрат Әбенов.

Осылай деп атап өткен депутат Әділетхан есімді блогердің жазбасымен бөліскен. Өз жазбасында блогер  жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button