Экономика
Тренд
Жаңа ереже: Табысыңыздан шығыныңыз көп болса, айыппұл төлейсіз
Кірістер мен шығыстар арасындағы алшақтық анықталса және оларды есебін нақты түсіндіре алмаса, 10 пайыз салыққа төлейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін, яғни табыс көздерін тексерумәселесін көтерді, деп хабарлайды tiek.kz.
Tengrinews.kz сайтының жазуынша, бұл тәсіл камералдық бақылау жүйесі арқылы яғни бұл салық сіздің декларацияларыңыз бен есептеріңізді үйге немесе кеңсеге бармай-ақ өз жүйесінде талдай береді.
«Егер адамда кірістер мен шығыстар арасындағы алшақтық анықталса және оларды есебін нақты түсіндіре алмаса, оған ескерту жасалады. Егер алшақтық сомасы анықталса, ол ақшаның 10 пайызын салыққа төлейді», — дейді МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.



