Оқиға

Алты адамның жағдайы ауыр: Шахтинскідегі жарылыс туралы тың дерек белгілі болды

Алапат жарылыстан сегіз адам жарақат алған еді. Оның бесеуі полиция.

Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан жарақат алған азаматтардың жағдайы жөнінде ақпарат белгілі болды, деп хабарлады tiek.kz.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда медициналық мекемеде сегіз адам ем алып жатыр.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, “Алты адам жансақтау бөлімінде, екеуі бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде”.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шеккен еді. Олардың бесеуі оқиға орнына барған полиция қызметкерлері.

Күдікті қазір дәрігерлер бақылауында, оған күзет қойылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button