Оқиға
Тренд

Батыс Қазақстан аумағына дрон құлады

Батыс Қазақстан облысы ауылдарының бірінің маңында дрон құлады деген ақпарат тарады.

Аталған ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.

Полиция мәліметінше, табылған заттар Ақжайық ауданында анықталған. Олар визуалды тұрғыдан ұшатын құрылғының фрагменттеріне ұқсайды.

Ведомствоның хабарлауынша, объект елді мекендерден тыс жерде табылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде, мамандар барлық деректерді анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Батыс Қазақстан аумағына бірнеше рет дрон құлаған еді. 2025 жылғы наурызда Жәнібек ауданында белгісіз ұшатын құрылғының фрагменттері табылған болатын. Сол кезде полиция департаменті тексеру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлаған.

2025 жылғы қазан айында Бөрлі ауданында да дрон фрагменттеріне ұқсас заттар табылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button