
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Президент жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар Нұрлан Байбазаров Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.



