«Қалмақтан келген кірме би»: Белгілі биші «Қара жорға» биіне қатысты оғаштау мәлімдеме жасады
Кілемнің шаның шығарып билеп жүрген «Қара жорға» биі шын мәнінде қалмақтан келген кірме дүние. Оны қандастар әкеліп, қазақтың ұлттық биі деп насихаттап жіберген.

Әлеуметтік желіде кәсіби биші Перизат Омарбекованың қазақтың «Қара жорға» биіне қатысты оғаштау пікірі тарап жатыр, деп хабарлады tiek.kz.
Бишінің айтуынша, күллі қазақтың кілемнің шаның шығарып билеп жүрген «Қара жорға» биі шын мәнінде қалмақтан келген кірме дүние. Оны қандастар әкеліп, қазақтың ұлттық биі деп насихаттап жіберген.
«Ол моңғолдың ұлттық биі. Ал бізде оны тек қалмақтар ғана билеген. Шындыққа тіке қарау керек қой, негізі қазақ билемеген халық. Би — кейін келіп қосылған өнер. Ол биді шеттен келген қандас бауырларымыз алып келді. Әрі оны «Қара жорға» деп насихаттап жіберді. Өз басым о бастан білдім оның ешқандай да қазақтың биі емес екендігін. Қарсы болдық, айттық, бірақ ешкім тыңдамады, үніміз жетпеді», — дейді биші.
Кейіннен тик-ток желісін жаулап алған бұл видеоны Перизат Омарбекованың өзі де бөліскен. Айтуынша, бұл сұқбаттың үзіндісі.
«Менің мақсатым, бұл биге тиым салу емес, кімнің биі екенін біліп жүрсек болғаны… Билей беріңіздер қатты ұнап тұрса.
Той-томалақта дене қыздыруға жақсы қалмақтың биі! Мұндай сұрақ қойылған жерде мен құдайшылығымды айтып, дұрыс сөйлемесем, маман ретінде бишілігіме үлкен сын емес пе?! Ойымды айттым. Пікір білдірдім.
Бұл менің жеке пікірім екенін ұмытпаңыздар. Бұл биді шеттен оралып келген қандас бауырларымыз көрсеткеннен бастап қазақ биі деп қабылдай алмадым. Ол үшін маған ренжімеңіздер. Ренжісеңіздер де мархаббат! Мамандығыма келгенде біреудің көңіліне қарап отыратын әдетім жоқ…
«Өлтіріп жатса да шыныңды айт!» деген анам мен әкемнің тәрбиесін ұстанамын.
Маған тарихшымын, жазушымын, тастағы таңбалар, қабырғадағы суреттер, баяғыда бір немесе екі адам киіз үй ішінде билеген еді ғой деген сияқты т.б. шығып дәлелдеуге тырысып, алтын уақыттарыңызды кетірмеңіздер. Бүт әлем қарсы шықса да мен осы ойымда қаламын, өйткені ютубта дәлел толып тұр. Қызыл кітаптың үшеуіне еніп кетсе де ол солай», — деп жазған биші өзінің facebook жазбасында.
Менің мақсатым, бұл биге тиым салу емес, кімнің биі екенін біліп жүрсек болғаны… Билей беріңіздер қатты ұнап тұрса.
Той-томалақта дене қыздыруға жақсы қалмақтың биі! Мұндай сұрақ қойылған жерде мен құдайшылығымды айтып, дұрыс сөйлемесем, маман ретінде бишілігіме үлкен сын емес пе?! Ойымды айттым. Пікір білдірдім.
Бұл менің жеке пікірім екенін ұмытпаңыздар. Бұл биді шеттен оралып келген қандас бауырларымыз көрсеткеннен бастап қазақ биі деп қабылдай алмадым. Ол үшін маған ренжімеңіздер. Ренжісеңіздер де мархаббат! Мамандығыма келгенде біреудің көңіліне қарап отыратын әдетім жоқ…
“Өлтіріп жатса да шыныңды айт!” деген анам мен әкемнің тәрбиесін ұстанамын.
Маған тарихшымын, жазушымын, тастағы таңбалар, қабырғадағы суреттер, баяғыда бір немесе екі адам киіз үй ішінде билеген еді ғой деген сияқты т.б. шығып дәлелдеуге тырысып, алтын уақыттарыңызды кетірмеңіздер. Бүт әлем қарсы шықса да мен осы ойымда қаламын, өйткені ютубта дәлел толып тұр. Қызыл кітаптың үшеуіне еніп кетсе де ол солай.



