Қоғам

Астанада дрон-шоу өтті

Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты.

Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылды.

Түнгі аспанды жарыққа бөлеген шоу барысында қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық мұрасын бейнелейтін ерекше композицияларды тамашалады.

Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты. Бұл образдар көшпелі мәдениетті, береке-бірлік пен ұлттық болмысты дәріптейді.

Сондай-ақ көктемнің келуін білдіретін үш өлшемді қызғалдақ, күн мен ай бейнелері көрсетіліп, табиғаттың жаңаруы мен күн мен түннің теңелуі символикалық түрде жеткізілді. Шоудың финалында «Наурыз құтты болсын!» деген жазу пайда болды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button