Заң үстемдігі
Тренд

Жақсылық Омарға екі бірдей ауыр айып тағылды

Нақтырақ айтқанда, оған «ірі мөлшерде алаяқтық жасау» (190-бап, 3-бөлім, 1,2 тармақтары) және «ірі көлемде пара алу» (366-бап, 3-бөлім, 3 тармақ) бойынша айып тағылып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталды.

Сот Өскемен қаласында өтіп жатыр.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, облыс әкімінің орынбасарына Қылмыстық кодекстің екі бірдей ауыр бабы бойынша айып тағылған.

Нақтырақ айтқанда, оған «ірі мөлшерде алаяқтық жасау» (190-бап, 3-бөлім, 1,2 тармақтары) және «ірі көлемде пара алу» (366-бап, 3-бөлім, 3 тармақ) бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысы бүгін, 19 наурызда Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық тәртіппен өтіп жатыр. Айыпталушының тергеу изоляторында ұстау мерзімі істің соңына дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, 13 ақпанда Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат желіде тараған еді.

18 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті әкім орынбасарына қатысты іс тергеліп жатқанын ресми түрде растағанымен, тергеудің толық мән-жайы туралы ақпарат жарияланбаған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button