Қоғам
Тренд

Алимент қарызы тығырыққа тіреген әке бүйрегін сатпақ болған

Бүйрегін сатпақ болған Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы қаңтарда Ж. әлеуметтік желіде өз бүйрегін сатуға арналған хабарландыру жариялаған. Хабарландыруға жауап ретінде Көкшетау қаласының тұрғыны заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға жәрдемдескен.

Ақпанда Ж. медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетауға келген, алайда жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Іс Көкшетау қалалық сотында қаралды. Сотта Ж. мұндай әрекетке материалдық қиындықтар мен алимент бойынша берешегін төлеу үшін барғанын айтып, кінәсін мойындаған.

Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі бойынша бағаланды. Сот үкімімен Ж.-ға 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button