Заң үстемдігі
Тренд

Домбыраны ұшаққа қол жүгімен бірге алып кіруге мүмкіндік берілуі мүмкін

Домбыраны енді ұшаққа қол жүгі ретінде алып кіруге мүмкіндік берілуі мүмкін, деп хабарлайды tiek.kz.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев азаматтық авиация саласында музыкалық аспаптарды тасымалдау мәселесі шешілуге жақын екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұрын жолаушылар музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны ұшақпен алып жүру үшін қосымша орын сатып алуға мәжбүр болатын. Қазір бұл мәселе іс жүзінде реттеліп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, жүк пен багажды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу мамыр айына жоспарланған.

«Қандай музыкалық аспаптарды қол жүгінде алып жүруге рұқсат етілетіні әзірге нақты белгісіз. Бұл көбіне олардың көлеміне байланысты болмақ. Дегенмен, енгізілетін өзгерістер домбыраға міндетті түрде қатысты болады деп күтілуде»,  — деп жазады tiek телеграмм арнасы.

Разақтың қасиетті мәдени жәдігері саналатын домбыраның қол жүгі ретінде ұшақ бортына жіберілмеуі көптен бері шешімін тапапй келе жатқан мәселенің бірі еді. Домбыра ұстаған талай өнерпаз домбыраны ұшақ ішіне алып кіре алмай отырғандарын айтып талай мәрте шу көтерді. Солардың бірі  — ақын Айшолпан Тілеутай. Ол да Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтып, елді шулатқаны белгілі.  Ақын бортсеріктердің талабына көнбей, домбырамен ұшаққа отырған. Осыдан кейін қоғамда үлкен мәселе көтеріліп, ақыры мәжіліске жеткен еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button