Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев қамауға алынып, ІІМ-ге тергеуге жеткізілді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды tiek.kz.
Kaktus.media сайтының жазуынша, Тәшиев елге оралғаннан кейін таңғы сағат 10:00 шамасында ІІМ-нің Бас тергеу басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта ол сол ғимаратта тергеуде отыр.
10 ақпан күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті едел-жедел қызметінен алып тастады. Расы керек, президенттің бұл қадамы қырғыз қоғамы үшін үлкен резонанс тудырды. Кейіннен Жапаров бұл шешім мемлекет бірлігін сақтау мен қоғамдағы алауыздықтың алдын алу мақсатында қабылданған шешім екенін айтты.
Соңғы кездері Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамалар көтеріліп жатыр. Бұл бастама ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің айналасынан шыққан. Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің айналасындағы адамдар депутаттарға хабарласып, оларды өз жағына тартуға және жаңа сайлау өткізуге ықпал етуге тырысқан.



