Әлем

Израиль Каспий теңізі жағалауына соққы жасады

Иранның Бендер-Энзели портты қаласының әкімі Мохаммад Салех Зиаи порттағы бірнеше нысанға зымырандық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Соққы кеден ғимараттарына, порт басқармасы мен кеме қатынасы ұйымының нысандарына тиген.

Қала әкімінің айтуынша, қаза тапқандар жоқ, келтірілген шығын көлемі әлі анықталып жатыр. Билік өкілдері жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Бендер-Энзели – Иранның Каспий теңізіндегі ең ірі порты. Бұл порт арқылы Иран мен өңірдегі басқа елдер арасындағы жүк тасымалы жүзеге асады. Порт Каспийдегі теңіз саудасында маңызды рөл атқаратын негізгі көлік-логистикалық орталықтардың бірі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button