Оқиға

Шұғыл! Санжар Боқаев қамауға алынды

Белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаев қамауға алынды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды tiek.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамдық пікірге теріс әсер ету мақсатында әлеуметтік желілерде заңсыз әрекеттер туралы бейнематериалдар жариялады деген күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан ұрлық жасау әрекеттерін ұйымдастырып, қаржыландырған. Бұл үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға сыйақы ұсынғаны айтылды.

Сонымен қатар күдікті аса ірі көлемде қаржы жымқыру, яғни алаяқтық жасады деген күдікке де ілінген. Құзырлы орган өзге ақпараттың Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын хабарлады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button