
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ерлан тан тағы да ескерту алды, деп хабарлайды tiek.kz.
Депутат бұл жолы отырысқа кешігіп келген. Мәжіліс төрағасына депутаттың залға отырыс басталған соң кіру ұнамаған сыңайлы. «Мұрат, көшеде қыдырып жүргендей жүрсіз ғой!», — деп ескерту жасады қатқыл үнмен.
Депутат Мұрат Әбеновтің Мәжіліс төрағасының қырына бүгін ғана ілініп отырған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет ескерту алғаны бар. Өткен жылдың қазан айында Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі Істер Министрі Ержан Сәденовті мақтаймын деп Ерлан Қошановтың қырына қалған болатын.
«Мұрат Абдуламитұлы, алдымен сұрағыңызды қойыңыз! Ал министрді мақтауды қазір жарыссөзге жазылыңыз, сосын айтасыз!», — деп тыйып тастаған еді.



