Оқиға

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ақтөбе-Атырау тасжолында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам көз жұмды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «ВАЗ» және «DAF» маркалы көліктер соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button