Мәдениет

Астанада бір мезетте 18 мыңнан астам бала асық ойнады

Астанада 18 мыңнан астам бала бір уақытта қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын ойнады. Ауқымы жағынан ерекше бұл іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды tiek.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Цифрландыру жылы аясында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен бұл ірі мәдени-спорттық шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. 

Елордадағы Жекпе-жек сарайының алаңында 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысты. Олар арнайы композицияға тұрып, асықтың «Алшы» келбеті мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі.

Музыкалық әуенмен балалар флешмобтың көркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады.
Бағдарламаны толықтай Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді.

Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде – асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады.

Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады.

Мәдени-спорттық іс-шараның басты мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button