Мәдениет

«Үйленіп алған сияқты»: Димаш Құдайбергеннің сәби көтеріп видеосы тарады (ВИДЕО)

Әнші Димаш Құдайбергеннің сахнада болған ерекше сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Желіде тараған бейнежазбада өнер иесінің концерт кезінде тыңдармандарының бірінің қолындағы сәбиді көтеріп алып, сахнада еркелеткені көрінеді. Димаштың бұл әрекеті көрермендердің жүрегін елжіретіп, көпшілікке ерекше әсер қалдырған.

Видео желі қолданушылары арасында тез таралып, қысқа уақыт ішінде қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әншінің балаларға деген мейірімін атап өтіп, оған әке болу жарасатынын айтып жатыр.

Пікір қалдырған жанкүйерлердің бірі: «Жұғысты болсын, Димашқа да үйленіп, бөпелі болу бұйырсын», – деп жазса, тағы біреуі: «Алла оңдап, үйленіп, балалы-шағалы бол, Димаш. Алланың берері көп болсын», – деген тілегін білдірген.

Ал кейбір желі қолданушылары әзіл-шыны аралас: «Үйленіп алған сияқты», «Димашқа жақсы ханшайым бұйырып, бақытты отбасы болсын» деген пікірлер қалдырған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button