Референдум

Барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Сағат 20:00-де ел аумағындағы барлық сайлау учаскелері жабылды.

«Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс, — деді Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Оның дерегінше, республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.

«Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады», — деді комиссия төрағасы.

Ал шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердегі дауыс беру жалғасып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button