Денсаулық

Ақ шашты жұлуға болмайды: Дәрігер ескерту жасады

Ирландиялық профессор Десмонд Тобин ақ шашты жұлу ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ақ шаш туралы кең тараған мифтердің бірі — жұлынған бір тал шаштың орнына екі шаш өседі деген пікір. Алайда бұл — жалған ақпарат. Соған қарамастан дәрігер ақ шашты түбімен жұлуға кеңес бермейді.

Дерматологтың түсіндіруінше, әрбір шаш фолликуласынан тек бір тал шаш өседі. Шашты жұлу бұл жағдайды өзгертпейді, бірақ фолликулдың зақымдануына немесе мүлде жойылуына әкелуі мүмкін.

Мұны кейде теріде кішкентай қан тамшысы пайда болғанынан байқауға болады.

«Мұндай жағдайда фолликул қайта қалпына келмеуі мүмкін, бұл — сол жерден шаш қайта өспейді деген сөз», — деді дәрігер.

Сонымен қатар, Тобин ақ шаштың ерте-кеш өсуі көбіне генетикаға байланысты екенін айтты. Бұдан бөлек, созылмалы стресс, ұйқының қанбауы және ағзадағы қоректік заттардың тапшылығы да шаштың тез ағаруына әкелуі мүмкін.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button