Шұғыл! Тоқаев келесі президент сайлауының нақты мерзімін атады
Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады.

Вице-Президент лауазымына қатысты норма және басқа да өзгерістер елімізге ешқандай зиянын тигізбейді.
Бұл жөнінде Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте мәлімдеді.
Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіріп жатыр.
Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді, – деді Мемлекет басшысы.



