Референдум

Референдум: тұрғындардың 37,54 пайызы дауыс беріп үлгерді

Елімізде өтіп жатқан референдум барысында дауыс беруге құқығы бар 4 677 595 азамат өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова  мәлім етті.

Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі:

1. Абай облысы бойынша – 41,93%.

2. Ақмола облысы бойынша – 44,66%.

3. Ақтөбе облысы бойынша – 45,73%.

4. Алматы облысы бойынша – 40,41%.

5. Атырау облысы бойынша – 42,29%.

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,59%.

7. Жамбыл облысы бойынша – 35,86%.

8. Жетісу облысы бойынша – 43,32%.

9. Қарағанды облысы бойынша – 42,95%

10. Қостанай облысы бойынша – 37,10%.

11. Қызылорда облысы бойынша – 34,18%.

12. Маңғыстау облысы бойынша – 34,57%

13. Павлодар облысы бойынша –41,64%.

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –44,13 %.

15. Түркістан облысы бойынша – 44,13%.

16. Ұлытау облысы бойынша – 36,59%.

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 42,88%.

18. Астана қаласы бойынша – 31,23%.

19. Алматы қаласы бойынша – 14,85%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 42,59%.

— Жалпы, сағат 12-00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызын құрады, — деді Әсел Жанәбілова.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button