Референдум
Тренд

15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін — Ерлан Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Мәжіліс спикері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.

«Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын», – деді журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Ерлан Қошанов.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button