Референдум

Референдум: әлемнің 54 елінде 71 референдум учаскесі іске қосылды

Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан референдумда шетелде тұратын 14 мың 380 қазақстандық дауыс бере алады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.

Айтуынша, референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаратын болады.

Сондай-ақ, әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия).

Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрады.

Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады.

Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылатын болады.

Дауыс бергендердің саны бойынша ақпарат түске дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып тұрады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button