
АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының жетекшілері туралы ақпарат бергендерге 10 миллион доллар сыйақы жариялады.
Оның ішінде Иранның жаңа жетекшісі Моджтаба Хаменеи де бар.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, сыйақы Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының басшылығы туралы ақпарат үшін беріледі. Іздеуде жүргендердің арасында Иранның жаңа жетекшісі Моджтаба Хаменеи де бар.
Бұл бастама «Ривордс фор Джастис» («Әділдік үшін сыйақы») бағдарламасы аясында жарияланды. Бағдарлама Ислам революциясы сақшылар корпусының әртүрлі бөлімдерін басқаратын 10 адам туралы ақпарат сұрап отыр. АҚШ тарапы олардың әлем бойынша террорлық әрекеттерді жоспарлап, ұйымдастырып және жүзеге асырып отырғанын айтады.
Іздеуде жүргендердің қатарында:
- жоғарғы жетекші Моджтаба Хаменеи;
- жоғарғы жетекші аппараты басшысының орынбасары Али Асгар Хеджази;
- әскери кеңесші генерал-майор Яхья Рахим Сафави;
- Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің кеңесшісі Али Лариджани;
- ішкі істер министрі Эскандар Момени;
- барлау және қауіпсіздік министрі Эсмаил Хатиб.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Ислам революциясы сақшылар корпусы, оның ішінде «Кудс» арнайы бөлімшесі 2019 жылдан бері шетелдік террористік ұйымдар тізіміне енгізілгенін атап өтті. АҚШ азаматтарына бұл ұйыммен кез келген келісім жасауға тыйым салынған.
Сондай-ақ бұл ұйымға әдейі материалдық қолдау көрсету немесе ресурстар беру қылмыс болып саналады.



