Әлем
«Палестина аумағында тәуелсіз мемлекет құрылады»: Иран армиясы тосын мәлімдеме жасады

Иран әскері Израильдің болашағына қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Палестина аумағында тәуелсіз мемлекет құруға бет бұрғандарын хабарлады. Айтуларынша, ол күн де алыс емес.
«Мәлімдеме Рамазан айының соңғы жұмасында дәстүрлі түрде атап өтілетін Quds Day күніне орай жарияланған. Бұл күн Иранда Палестина халқының тәуелсіздік жолындағы күресіне қолдау білдіру мақсатында өткізіледі.
Иран армиясының өкілдері мәлімдемесінде Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың өзгеруі мүмкін екенін айтып, Палестина жерінде барлық дін өкілдері қатысатын тәуелсіз мемлекет құру идеясы жүзеге асатын уақыт жақындағанын атап өтті. Сонымен бірге олар «сионистік режимнің жойылуы сөзсіз» деген пікір білдірді», деп жазады Tasnim News Agency агенттігі.



