Агро-стратегияСаясат
Тренд

Қытайға береміз деген 1500 киік қашан беріледі?

Экология министрі жауап берді .

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қытайға береміз деген 1500 киік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 1500 киікті бірден бере салмаймыз. Екі елдің ғалымдары бірлесіп, зерттеулер жүргізіп жатыр.

Биыл 400 бас киік жіберіледі. Себебі, топырлатып бәрін беруге болмайды. Шөбі, жері, топырағы деген факторлар бар.   Жерсіну керек. Оны қытай мамандары да жақсы түсініп отыр. Бәрі дұрыс болса, қалғанын жібереміз. Жұыстар екі-үш жылға созылады»,  — деп жауап берді тілшіміздің сауалына.

Өткен жылы Тоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бастама Қытайдың батыс бөлігінде жойылып кеткен киіктер популяциясын қайта қалпына келтіруге көмектесу мақсатында жүзеге асырылуда. Жануарларды беру механизмі бойынша арнайы тараптар жұмыс істеуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button