Қабанбай батыр даңғылын екі деңгейлі жол ретінде жобалау жұмыстары басталды
Әкімнің айтуынша, екі деңгейлі жол Сеул, Токио, Бангкок секілді қалалар үлгісі негізінде салынбақ.

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылын екі деңгейлі жол ретінде жобалау жұмыстары басталды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің мақаласында айтылған, деп хабарлайды tiek.kz.
Әкімнің айтуынша, екі деңгейлі жол Сеул, Токио, Бангкок секілді қалалар үлгісі негізінде салынбақ.
«Көлік тақырыбы бойынша қажетті шешімдердің бірі – көп деңгейлі жедел транзит жолдарын салу. Қалада Қабанбай даңғылы бойынша екі деңгейлі жолды жобалау басталды, яғни ол Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына 12,4 км ұзындықпен жалғасатын жол болмақ. Мұндай жылдамдық дәліздері Сеул, Мәскеу, Токио, Пекин, Бангкок, Парижде сәтті жүзеге асқан. Екі деңгейлі жол оң жағалаудың тарихи көрінісін сақтай отыра, кептелісті 30-40%-ға төмендетеді деп күтілуде», — делінген әкім мақаласында.


