Биыл 70 мыңнан астам отбасына жеңілдетілген ипотека беріледі
Бағдарламаға Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша қатысуға болады,

Үкімет отырысында Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов биыл тұрғын үйге мұқтаж 70 мыңнан астам отбасыға жеңілдетілген ипотекалық кредит беру жоспарланып отырғанын айтты.
Бағдарламаға Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша қатысуға болады, деп хабарлайды tiek.kz.
«2026 жылы баспанаға мұқтаж 70 мыңнан астам отбасына Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық кредит арқылы 1 трлн 630 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беру жоспарланып отыр», – деді ол.
Айдапкеловтің айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2025 жылы Отбасы банк халыққа жалпы сомасы 1 трлн 645 млрд теңгеге 77 148 қарыз берген.
Жалпы тұрғын үй нарығына еліміз бойынша 90 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 50 пайызы «Жасыл ипотекаға», қалған 45 млрд теңгесі «Ұмай» бағдарламасына бағытталып отыр.
Бағдарлама алдағы шілде немесе тамыз айында іске қосылуы мүмкін.
Бұған дейін «Наурыз» бағдарламасы басталғанын жазған едік.


