Экономика

«Наурыз» бағдарламасы басталды: кімдер қатыса алады

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдана бастағанын жария етті. 

Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі: 10.03.2026–31.03.2026 жыл деп белгіленнен.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады:

  • Отбасы банкінің барлық салымшылары
  • Депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер
  • Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар

Өтінім беру тәсілі:

  • Барлығы онлайн өтеді — Baspana Market арқылы
  • Жеке кабинетке кіріп, өтінім беріңіз және нәтижені күтіңіз

Өтінім беру туралы толық нұсқаулық — парақшамыздағы актуалды стористе! (“Наурыз нұсқаулығы” бөлімінде)

Несие шарттары:

  • Бастапқы жарна:
  • Таза әрленген бастапқы
  • тұрғын үй үшін – 10%-дан бастап
  • Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін – 20%-дан бастап

Сыйақы мөлшерлемесі:

  • 7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) — әлеуметтік осал топтарға
  • 9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) — барлық қатысушыларға

Ең жоғары сома:

  • 30 млн ₸ — өңірлерде
  • 36 млн ₸ — Астана мен Алматыда

Мерзімі: 19 жылға дейін беріледі.

Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?

  • Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер — Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
  • Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер — моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.

Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button