Оқиға
Тренд

Қазақстанға Иран жақтан қышқылды жаңбыр келе жатқаны рас па?

ЦАХАЛ-дың 7 наурыз күні кешкісін Тегерандағы бірнеше мұнай қоймасына жасаған сұрапыл соққысынан кейін қала үстінде қою қара бұлт жиналып, «мұнай жаңбыры» жауған еді.

Әлеуметтік желілерде Иран аумағындағы жарылыстан кейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде қышқыл жаңбыр келе жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды tiek.kz.

«Қазгидромет» мамандары бұл қауесетті ресми түрде жоққа шығарып, жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.

Синоптиктердің түсіндіруінше, қышқыл жаңбыр әдетте ірі өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда, ауаға күкірт пен азот оксидтері шектен тыс көп бөлінгенде ғана болады. Алайда ауа массалары ұзақ қашықтыққа жылжыған сайын, ондағы зиянды заттардың концентрациясы табиғи процестер арқылы сейіліп, азаяды.

«Қазіргі мониторингке сай, лас заттардың Қазақстан мен Орталық Азияға тарау белгілері тіркелген жоқ. Қышқыл жаңбырдың келуіне ешқандай ғылыми дәлел жоқ», — деп хабарлады «Қазгидромет» өкілдері.

ЦАХАЛ-дың 7 наурыз күні кешкісін Тегерандағы бірнеше мұнай қоймасына жасаған сұрапыл соққысынан кейін қала үстінде қою қара бұлт жиналып, «мұнай жаңбыры» жауған еді. Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыс салдарынан атмосфераға улы көмірсутек пен азот бөлінгенін растаған еді. Дәл осы оқиға көршілес елдерде «химиялық жауын жауады» деген үрей туғызған болатын.

Сондай-ақ, шабуыл салдарынан Тегеранда мұнай төгіліп, тұтас көшелер өртке оранды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button