Әлем

Елде жарылыс жасамақ болған: Әзербайжанда ирандық диверсанттар тобы қолға түсті

Олар Баку-Джейхан мұнай құбырын, Бакудегі Изаиль елшілігін және еврей қауымдастығы дінбасыларының бірін өлтірмек болған.

Әзербайжанда ирандық диверсанттар тобы қолға түсті. Олар Баку-Джейхан мұнай құбырын, Бакудегі Изаиль елшілігін және еврей қауымдастығы дінбасыларының бірін өлтірмек болған, деп хабарлады tiek.kz.

Бұл туралы журналист Амангелді Құрметұлы хабардар етті.

«Әзербайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі елде диверсия жасамақ болған ирандықтарды ұстағанын хабарлады. Ислам революциясын қорғау корпусының диверсанттары деседі. Олар Баку-Джейхан мұнай құбырын, Бакудегі Изаиль елшілігін, еврей қауымдастығы дінбасыларының бірін, «Ашкенази» синагогасын көздеген деседі. Диверсанттарға жергілікті бірер әзербайжандық көмектескенге ұқсайды. Рустамзаде Бехнам Саибали мен Занкиан Ясер Рахим дегендер Гулиев Тархан Терланоғлу дегенмен ымыраласыпты. Есім-сойына қарасақ соңғысы Әзербайжан азаматы сияқты. Өйткені Иранда -ов,ев деп аяқталатын фамилия жоқ. Сосын Ниджат Агяев деген бір фигура тағы аталды. Қауіпсіздік қызметі олардың бір жерге жасырған шағын контейнерін де қолға түсірген. Одан 7 кг 730 гр болатын C4 жарылғышы табылған. Жалпы 8 адам ұсталыпты», деп жазған журналист.
Сондай-ақ ол Таяу Шығыстағы тұтанған соғыс отының Парсы шығанағына қарай бет бұрғанын айттады.
«Қысқасы, Парсы шығанағындағы соғыстың жанама әсері Кавказды да шарпу қаупі бар. Тегерандағы саяси билік әскерилерді бақылаудан шығарып алды ма деп қауіптенемін. Өз бетінше әрекет қылатындар бар сияқты. Әйтпесе Иран басшылары Әзербайжанды қақтығысқа «сүйрейтіндей» ақымақ емес шығар. Бакудің «ағасы» бар екенін біліп отыр ғой. Бірер күн бүрынғы дрон анау, ендігісі мынау.
Өз басым Иран билігі ИРҚК(КСИР) күштерін толық бақылай алмай отырса, диверсия қаупі Орталық Азияға, соның ішінде бізге де төнуі мүмкін деп ойлаймын. ИРҚК-нің фанатик офицерлеріне бәрібір ғой. Бізде АҚШ компаниялары қатысатын жобалар бар. «Ибраһим келісіміне» қосылатынымызды да жариялағанбыз. Фанатиктерге ол да сылтау. Сондықтан біздің қырағы болмағымыз керек. Президенттің қайта-қайта Қауіпсіздік кеңесі мен шенділерге тапсырма беруінің себебі бар деген сөз». — дейді ол.

tiek.kz

Back to top button