Сараптама
Тренд

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ұшағы АҚШ-та не істеп жүр?

Алып ұшақтың бір сағаттық ұшу құны шамамен $23 000 құрайды. 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «ұшатын пентхаусы» ретінде танылған Boeing 747-8 VIP (немесе Airbus A330-243) бизнес-джет әуе кемесі АҚШ-та жаңарту және реконструкциялау жұмыстарынан өтіп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл туралы кейбір телеграм-арналар жазып жатыр.  Ұшақ Америка Құрама Штаттарына техникалық жөндеу және интерьерін жаңарту үшін жеткізілген.

Ресми емес ақпарат көздері мен сарапшылардың пікірінше, бұл борт бұдан былай экс-президентке тиесілі емес болуы мүмкін. Ұшақтың жаңа иесі немесе оны пайдалану мақсаты өзгергені туралы болжамдар бар.

Бұл модель (Boeing 747-8 VIP) әлемдегі ең қымбат және ең үлкен жеке ұшақтардың бірі болып саналады. Оның ішінде жатын бөлмелер, конференц-залдар және жоғары жайлылықтағы демалыс орындары бар.

Назарбаевтың негізгі борты ретінде айтылған бұл ұшақтың құны шамамен $110 миллион деп бағаланған болатын.

Boeing 747-8 VIP (немесе BBJ 747-8) — әлемдегі ең қымбат жеке ұшақтардың бірі. Ашық дереккөздер мен Simple Flying мәліметтері бойынша, жаңа Boeing 747-8 VIP моделінің базалық құны шамамен $367 миллионнан басталады. Ал оның ішкі жабдықталуы мен люкс интерьерін қосқанда, жалпы құны $400 миллионнан асып жығылуы мүмкін.

Boeing 747 сияқты алып ұшақтың бір сағаттық ұшу құны шамамен $23 000 құрайды.

Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы жаңа бизнес-джет сатып алғаны туралы ақпарат тараған, бірақ компания ол ұшақтың өндірістік қажеттіліктер үшін алынғанын айтып, экс-президентпен байланысын жоққа шығарған болатын.

Назарбаевтың алғашқы президенттік Boeing ұшағы 1994 жылы АҚШ-қа жасалған ресми сапар алдында сатып алынған және UN-001 борт нөмірімен белгілі болған.

Журналист Манас Қайыртайұлының жазуынша, порталының мәліметіне сәйкес, ұшақтың кабинасы мен жоғарғы палубасы бұзылмай сақталып, қазір оқу-жаттығу мақсатында қолданылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button