Экономика
Елімізде жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді
Қазақстанда базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды.
Жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді
Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда — 12,2%). Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7% (12,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша — 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша — 10,8% (12%) болды.


