«Солтүстікті тірілтудің бір жолы»: белгілі заңгер Ирандағы қазақтарды елге әкелуге шақырды
Елге келем деген қазаққа есік жабылмауы керек.

Ирандағы қазақтар «елге қайтамыз» десе, біз дайын болуымыз керек!
Құр сөзбен өтірік жан ашыған болып, фейсбукта пост жазып отыра бермей, әрекетке көшейік.
Егер Ирандағы ағайын тарихи Отанына оралғысы келсе, «квота жоқ», «үй жоқ», «бағдарлама жоқ» деп шығарып салмай, нақты шешім ұсынуымыз керек.
Солтүстік бос , ауылдар қаңырап жатыр.
Ираннан келетін қазаққа жағдай жасайық.
Асарлатып үй салайық!
Мемлекет инфрақұрылымын жасасын.
Халық қолдау көрсетейік
Бизнесмендер демеушілік етсін!
Әлем соғысып жатқанда тойға миллиондап шашуды тоқтатыңдар.
Бір қазақтың шаңырағын көтеруге үлес қосайық.
Бұл — жай көші-қон мәселесі емес, бұл жерде ұлттық мүдде.
Солтүстікті тірілтудің бір жолы — қандасты әкелу.
Құдайға шүкір, жер бар, керек десең бәріміз біріксек мүмкіндік де бар. Ең бастысы ниет.
Ертең «қазақ азайып бара жатыр» деп жылап отырғаннан гөрі,бүгін нақты қадам жасайық.
Елге келем деген қазаққа есік жабылмауы керек.
Керісінше, есігімізбен құшағымыз айқара ашылуы тиіс.
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан.



