Мәдениет
«Қанша жыл өтсе де, мені ұмытпайды»: Әнші Мақпал Жүнісова экс-әкімнен ерекше сыйлық алғанын айтты (ВИДЕО)
Алматы және Жамбыл облыстарын басқарған бұрынғы әкім Серік Үмбетов танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға соғым сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде бұл сыйлық туралы айтып, Үмбетовті «ағам» деп атап, өзіне үнемі қамқорлық танытып жүргеніне алғыс білдірді.
«Бұл – Серік ағамыз жіберген соғым. Қазысын көрдіңіздер ме? Серік Үмбетов – мен ерекше құрметтейтін, сыйлайтын ағам. Зәкең де оны қатты сыйлайтын. Қанша жыл өтсе де мені ұмытпайды. Жеңгеміз екеуі үнемі көмектесіп тұрады. Алла разы болсын. Мәке, ас болсын! Концерт алдында бір қазы жеп алайын деп отырмын», – деп әзілдеді әнші.


