Әлем

«Әзербайжан әуежайына жасалған шабуылға қатысымыз жоқ» — Иран қарулы күштері бас штабы

Иран Әзербайжан әуежайына жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін хабарлады. Атуынша, мұндай әрекеттерді Иранды айыптау мақсатында Израиль тарапы жасап отыр, деп хабарлайды tiek.kz.

Иран қарулы күштері бас штабы Әзербайжандағы Нахчыван халықаралық әуежайына дронмен шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Iran International басылымы ақпарат таратты.
Ведомство барлық мемлекеттің, «әсіресе мұсылман және көршілес елдердің егемендігін» құрметтейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ олар мұндай әрекеттерді Израиль Иранды айыптау мақсатында жасап отыр деп ақпарат таратты.

Иран дрондарының Нахчыванға жасалған шабуылынан кейін Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Бакудегі Иран елшісін шақыртып, Әзербайжан «жауапсыз қалмайтынын» ескерткен еді.
Кейін ілі-шала Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Нахчыванға жасалған дрон шабуылынан кейін қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Нахчыван аумағындағы азаматтық нысандарға дрондар арқылы соққы жасалған. Шабуыл кезінде Нахчыван халықаралық әуежайы, терминал ғимараты, мектеп және басқа да нысандар зардап шеккен. Әзербайжан билігі бұл әрекетті қатаң айыптап, Иран тарапынан ресми түсініктеме беруді, кешірім сұрауды және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.
Алиев бұл бірінші жағдай емес екенін атап өтті. Ол бұған дейін Тегеран қаласындағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды еске салды. Сол оқиғадан кейін Баку дипломатиялық миссияны эвакуациялап, дипломатиялық қатынастарды уақытша тоқтатқан еді.

Отырыстың қорытындысы бойынша жауап шараларын дайындау туралы шешім қабылданды. Әзербайжан қарулы күштері, қорғаныс министрлігі және мемлекеттік шекара қызметі жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button