Әлем
Тренд
Шұғыл! Иран Әзірбайжан әуежайына шабуыл жасап, екі адам жарақат алды
Бұған дейін Әзірбайжан Иранмен шекараға әскер жинап жатыр деген ақпарат тараған.

Иран Әзербайжанның Нахычеван аймағына дронмен соққы жасады. Дрон әуежай маңына түскен.
Әзербайжан арналары кемі екі дрон соққы жасағанын айтуда.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бір ұшқышсыз ұшу аппараты Нахчыван автономиялық республикасындағы әуежай терминалы ғимаратына соғылған. Екінші дрон Бабек ауданының Шекерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Оқиға салдарынан екі жергілікті тұрғын жарақат алды.
Бұған дейін Әзірбайжан Иранмен шекараға әскер жинап жатыр деген ақпарат тараған.
Әзірбайжан армиясын жауынгерлік әзірлікке келтіріп, бөлімшелерді Иранмен шекаралас аймақтарға орналастырды. Әскерилердің демалыстары тоқтатылып, шекарада дрондар мен төмен ұшатын нысандардан қорғау жүйелері іске қосылған деп жазған OC Media басылымы.



