Саясат

Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі маңызды нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тапсырма берді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді», — делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button