Әлем

«Иранның теңіз флоты мен әуе күштері түгел жойылды» — Трамп

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның барысы туралы кезекті мәлімдемесін жасады.

Ақ үй басшысының айтуынша, қарулы соққылар нәтижесінде Иранның негізгі әскери құрылымдары мен қорғаныс жүйелері істен шыққан. Овал кабинетінде журналистерге сұхбат берген Трамп Тегеранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштерінің қазіргі жағдайына тоқталды. Ол АҚШ-тың бұл бағыттағы іс-қимылдары өте тиімді болып жатқанын алға тартты.

Президент өз сөзінде: «Олардың әскери-теңіз флоты жоқ. Oл істен шығарылды. Олардың әскери-әуе күштері жоқ. Oлар істен шығарылды. Олардың әуе нысаналарын анықтау құралдары жоқ. Oлар да істен шығарылды. Олардың радары істен шықты және басқа да дүниелерінің барлығы дерлік жойылды», – деп атап өтті.

Сонымен қатар АҚШ лидері операцияның алғашқы нәтижелері мен кезекті соққылар туралы деректерді бөлісті. Оның мәліметінше, бірінші шабуыл кезінде 49 адам қаза тапқан, ал соңғы соққылар Иранның жаңа басшылығына бағытталған.

Трамп бұл туралы: «Өздеріңіз білетіндей, алғашқы соққы салдарынан 49 адам қаза тапты. Менің түсінуімше, бүгін жаңа басшылыққа тағы бір соққы берілді және ол да айтарлықтай нәтижелі болған сияқты. Сондықтан олар қатты соққы алды, алда не болатынын көреміз», — деді.

Мәлімдеме соңында Дональд Трамп әскери операцияның мұнымен аяқталмайтынын, алдағы уақытта «үшінші толқын» жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі таңда халықаралық қоғамдастық Таяу Шығыстағы жағдайдың одан ары ушығуына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button