
Аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды деген ақпарат тарады.
Бірқатар БАҚ көздері DW агенттігіне сілтеме жасап осындай хабар таратып жатыр.
Мұндай шешімді жоғары шиит дінбасыларының 88 өкілінен тұратын кеңес қабылдаған.
Иран билігі мен БАҚ бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растамады. DW мәліметтеріне сәйкес, Моджтаба Хаменеиді сайлау туралы шешім Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қысымымен жүзеге асқан.
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін Иранды уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарып отыр: президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи.
Аятолла Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарып келген. Ол 28 ақпанда басталған Израиль мен АҚШ-тың Ислам Республикасына қарсы әскери операциясы кезінде қаза тапты.


