Сараптама
Тренд

Дубайдағы зымыран түскен үйдегі 96 пәтердің иелері кімдер?

Соңғы күндері Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейіп, Иранның жауап соққылары аясында Дубайда бірқатар нысандарға зымыран мен дрондар түскені туралы хабарлар тарады. Ең көп талқыланған оқиғалардың бірі — Palm Jumeirah аралында орналасқан элиталық Fairmont The Palm резиденциясы мен қонақүй кешеніне зымыран (немесе дрон фрагменттері) тиіп, өрт шыққаны болып отыр.

Кейіннен зымыран тиген бұл ғимаратта Қазақстан азаматтарға тиесілі 96 пәтер бар деген ақпарат тарады. Бұл деректі журналист Манас Қайыртай алғаш жариялаған болатын. Оның мәліметінше, аталған резиденциядан қазақстандықтар (оның ішінде бұрынғы және қазіргі шенеуніктердің туыстары) көптеп пәтер сатып алған. Бұл пәтерлердің иелері арасында «министрден бастап әкімге дейінгі» біраз адамның аттары аталды.  Алайда құзырлы органдар тарапынан нақты мәлімдеме жасала қоймады.

Оқи отырыңыз: «Дубайдағы Иран зымыраны түскен үйде қазақтардың 96 пәтері бар» — журналист

Осыған байланысты Tiek.kz тілшісі Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа «Дубайдағы зымыран түскен үйдегі 96 пәтердің иесі кім?», «жеке мүлкінің бүлінуі бойынша консулдыққа немесе өзге органдарға арыз-шағым түсті ме?», — деп бірнеше сауал қойған еді. Алайда бұл сауалға Әлібек Бақаев нақыт жауап бере алмады.

«Бізде ондай ақпарат жоқ. Бұл үйлер кімге тиесілі екенін білмейміз.  Дубайда, Таяу Шығыста Қазақстан Республикасының азаматтары тұрады. Алайда кімнің қайда тұратыны туралы нақты ақпарат жоқ. Ешкімнен арыз-шағым түскен жоқ, адам шығыны да жоқ. Жалпы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз»ә, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, вице-министр Дубай мен Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың жалпы саны шамамен 5 мың адам екенін айтты. Олардың арасында туристер, резиденттер және жұмыс істейтін азаматтар бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button