«Ата-анасы мен қарындасын өлтіріп, бөлшектеп тастаған»: Астана маңындағы ауылда сұмдық жағдай болды
Мессенджерлерде Астанаға жақын орналасқан Жібек жолы ауылында болған қанды қылмыс туралы үрейлі хабарлама тарап жатыр. Хабарламада бүтіндей бір отбасы мүшелерін өлтіріп кеткені айтылған, деп хабарлайды tiek.kz.
Тағы бір деректе ауыл тұрғыны әке-шешесі мен қарындасын өлтіргені айтылады. Кей деректерде қылмысты ауыл тұрғыны жасаған болуы мүмкін екені айтылады.
Ақмола облысының Полиция департаменті болған отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілуі туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, оқиғаны растады. Полицияның мәліметінше, Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында адам өлтіру фактісі бойынша күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.
Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс болған үй орналасқан көше қоршауға алынған, бөгде адамдар кіргізілмей жатыр.



