Ауылдан хат
Тренд

Ақмола облысында бұралқы иттер қорадағы малға шауып жатыр

Көшедегі иттер тұрғындардың бірінің қорасына түсіп, 17 бас малын тамақтап кеткен.

Ақмола облысында бұралқы иттер енді қорадағы малға шауып жатыр. Өткен түнде бұралқы иттер бір қора қойды жарып кеткен, деп хабарлайды tiek.kz.

Оқиға Шортанды ауданы Бектау ауылында болған. Түн мезгілінде көшедегі иттер тұрғындардың бірінің қорасына түсіп,  17 бас малын тамақтап кеткен. Бұралқы итке жем болған 17 бас қойдың бәрі де бір үйдің малы.

Тұрғынның айтуынша,  бұл бірінші болып тұрған оқиға емес. «Осымен 4-5 үйдің қорасына түсіп қырып кеткен иттер» дейді тұрғындар.

«Көше толған қаңғыбас ит. Не қылған сұмдық мынау! Бүгін қораға шапқан ит ертең адамға шабады», — дейді ашынған тұрғындар.

Ал ит атуға әкімдік тыйым салған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button