Оқиға

Иран дағдарысы: Қақтығыс аймағында 4 мыңға жуық қазақстандық турист қалып қойған

Қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде 3,7 астам қазақстандық турист жүр.

Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді.

Қор дерегіне сәйкес, олардың 2,5 мыңнан астамы Біріккен Араб Әмірліктерінде, 200 -ден астамы Сауд Арабиясында, ал мыңнан астамы Қатарда орналасқан.

Бұған дейін Қазақстанның Авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігі үстінен және оған жақын аумақтарда ұшуға толық тыйым енгізген болатын.

Сонымен қатар әскери операцияға байланысты Air Astana әуе компаниясы үшінші наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тоқтатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button