Жанболат пен Жазира тура соғыстың ортасында қалып қойғанын айтып, көмек сұрады
Жақсы хабар күтіп отырмыз.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира да Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа барып, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған.
Бұл туралы Жазираның өзі әлеуметтік желіге шығып, хабарлады, деп жазады tiek.kz.
Қос әнші Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты әуе рейстері тоқтатылып, елге қайта алмай қалған.
«Дайректке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге рақмет! Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз», – деп жазған әнші.
Айта кетейік, Иран, АҚШ және Израиль арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Дубайға қатынайтын бірқатар рейс уақытша тоқтатылған. Осыған байланысты демалысқа барған қазақстандықтар елге орала алмай отыр.
Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығының мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктері аумағында қалып қойған азаматтардың саны көп.
«Қазір Біріккен Араб Әмірліктері аумағында аз уақытқа келген немесе транзитпен өтіп бара жатқан қазақстандық көп. Қалыптасқан жағдайда оларға уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сізде көмек көрсетуге мүмкіндік болса (уақытша орналастыру, тамақтандыру немесе өзге де елеулі көмек), төменде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарын білсеңіз, бұл туралы дипломатиялық өкілдіктерге хабар берулеріңізді өтінеміз», — делінген әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуінде.
Байланыс үшін мына телефон нөмірлері көрсетілген:
+971 50 508 5226, +971 2 449 8778 (Қазақстанның Әбу-Дабидегі елшілігі);
+971 50 570 1978, +971 4 547 5784 (Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы).
Көрсетілген көмек, жауапкершілік және қолдау үшін алғыс білдіреміз.
Ал Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыста жүрген 735 жолаушыны өз есебінен қонақүйлерге бір тәулікке орналастырғанын хабарлаған еді.



