Әлем
Иранда мектепке Израиль зымыраны түсіп, 57 оқушы қаза тапты
Әуе соққысы кезінде мектепте шамамен 170 оқушы болған, олардың көпшілігі ғимарат қирандыларының астында қалып қойған.

Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған мектепке израильдік зымыран түсіп, 57 бала қаза тапты.
SNN TV телеарнасы хабарлауынша, тағы 60 оқушы түрлі деңгейде жарақат алған. Сондай-ақ, әлі де үйінділердің астынан оқушылар мен мұғалімдердің денесі іздестіріліп жатыр.
Әуе соққысы кезінде мектепте шамамен 170 оқушы болған, олардың көпшілігі ғимарат қирандыларының астында қалып қойған. Ресми Иран билігі Израильді білім беру мекемесіне тікелей соққы жасады деп айыптап отыр.



